Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Месси «Жыл спортшысы» атанды

AstanaTV
06.12.2023ж. 20:00
532
Месси «Жыл спортшысы» атанды

БАРЫС ТАҒЫ ДА ЖЕҢІЛДІ

Астаналық «Барыс» континенталды хоккей лигасының матчында Омбы «Авангардымен» ойнады.

Ойынның басталуына дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясының соңғы позициясында болды, ал ресейлік клуб онда екінші орынды иеленді. Бірінші кезеңде алаң иелері басым болды, екі шайба Андрей Шутовтың қақпасына дөп түсті. Ойынның екінші бөлігінде қонақтар сапынан Евгений Рымарев шайба соқты. Соңғы жиырма минут Авангард 3 шайба салып, есепті 5:1-ге жеткізді.

АСУ АЛМАБАЕВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі келесі қарсыласын білді.

Алмабаев американдық Си Джей Вергарамен бақ сынасады. Жекпе — жек 9 наурызға жоспарланған. Сарапшылар бұл жекпе-жек Майамидегі UFC 299 турнирінде болу керек. Естеріңізге сала кетейік, Асу Алмабаев өзінің лигадағы дебюттік жекпе-жегін осы жылдың тамыз айында Нэшвиллде өткізген болатын, онда ол АҚШ-та тұратын ямайкалық Оде Осборнға қарсы мойыннан қысып алу әдісін қолданып, жеңіске жетті.

МЕССИ «ЖЫЛ СПОРТШЫСЫ» АТАНДЫ

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Time журналының нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атанды.

Time Мессиді «әлемдегі ең ұлы футболшы» деп атады және оның Аргентина құрамасының Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісіне қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, басылым Мессидің АҚШ-қа көшуі елдегі футболдың танымалдылығының айтарлықтай өсуіне ықпал етті деп жазады. Естеріңізге сала кетейік, жақында аргентиналық өз мансабындағы сезінші «Алтын допты» жеңіп алды.

Осы маусымда Лионель Месси «Интер Майамиде» 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

СУАРЕС «ИНТЕР МАЙАМИГЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН

Мессиге қатысты тағы бір жаңалықты ұсынамыз. Американдық «Интер Майами» шабуылшы Луис Суареспен бір жылдық келісімшартты жасауды аяқтауға жақын қалды. Бұл туралы The Athletic хабарлайды.

Дереккөздер Суарестің командада қандай рөл атқаратыны туралы әлі ештеңе шешілмегенін жазады. Лига осы қыста құрамның ережелеріндегі ықтимал өзгерістерді талқылайды. «Интер Майами» және барлық басқа MLS командалары өз құрамындағы тағайындауларды біржола бекіту үшін ойыншылардың келісу күніне дейін уақыт алады. Құрамды келісу күні- МЛС басталар алдында өтеді.

АПЛ: «ЛУТОН» - «АРСЕНАЛ» - 3:4

Ағылшын Премьер Лигасының 15-турында Арсенал Лутонға қарсы ойында камбэк жасады. Ойынның 20-минутында Букайо Саконың пасын Мартинелли голға айналдырды. Бірақ 5 минуттан соң Гэбриэл Ошо басымен қақпаға дәл көздеп, есепті теңестірді. Бірінші таймның соңында Арсенал ойыншысы Жезус қонақтарды тағы да алға шығарды. Ойынның фавориттері Арсенал жеңісті қолдан бермейді деп күтілген. Бірақ 49-минутта Адебайо есепті теңістірді. Лутондықтар жеңістің алыс екенін сезді ме, бұл голмен тоқтап қалған жоқ, 57- минутта Баркли алаң иелерін алға шығарды. Бірақ қарсыластарынан гөрі тәжірибелірек Арсенал Хавертцтің голымен есепті теңестіріп, ойынның қосымша 97 минутында Райс Лондондықтарға жеңіс сыйлап, камбэк жасады.

АНЧЕЛОТТИ РЕАЛДА ҚАЛАДЫ

Испания астанасы Мадридтен күтпеген жаңалық. Біраздан бері БАҚ өкілдері Анчелотти ді Бразилия ұлттық құрамасын жаттықтырады деп жарыса жазған еді.

Беделді журналист Рамон Альварастың айтуынша «Мадрид» клубы италияндық маманға тағы да 2 жылға келісімшарт ұсынды. Карло бұл ұсынысты қабылдап, жалақысының қысқаратынына да келісіп беріпті. Кейіннен бұл қауесетті «Релева» агенттігі де растады.

Реалдың президенті Флоринтино Перес те Карлоның командада қалғанын құптайтын көрінеді. Оның айтуынша Анчелотти жас футболшыларды жақсы баптап, маусымның басындағы сәтсіздіктерге өзінің тактикасы мен жоспарының арқасында жол бермей келеді.