Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда ер адам пышақпен букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

AstanaTV
06.12.2023ж. 21:30
684
Атырауда ер адам пышақпен букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

Атырауда ер адам пышақпен букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады. Бұл туралы полицияға компания қызметкері хабарлаған, дейді Astana TV  сайты Poliia.kz сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары сағат 08:55 шамасында бетперде киген, шамамен 20-25 жастағы ер адам қызды асхана пышағымен қорқытып, кассадан ақша алып, ізін суытқанын анықтады. Оның олжасы- 143 мың теңге.

Полиция қызметкерлері күдікті 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды,  қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы бойынша тергеу басталды. Шабуылдаушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.