Өскемен
соты «Ертіс» ұлттық компаниясы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының
экс-басшысы Манарбек Сапарғалиевті үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның жеке мүлкі тәркіленіп, біржола мемлекеттік қызмет атқарудан
шеттетілді.
Естеріңізге салайық, ол 2015 жылдың желтоқсанында 1 миллион 203 мың
теңге пара алу үстінде ұсталған еді. Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының
мәліметінше, Сапарғалиев «Жәрдем» базарының директорынан қызметінде қалуы үшін
ақша талап еткен. Бірақ сот барысында экс-шенеунік кінәсін мойындаған
жоқ.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ