Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтау тұрғындары Каспий теңізінде жер сілкінісін сезінгенін мәлімдеді

AstanaTV
07.12.2023ж. 11:32
987
Ақтау тұрғындары Каспий теңізінде жер сілкінісін сезінгенін мәлімдеді

Ақтау қаласының тұрғындары Каспий теңізінде жер сілкінісін сезгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 10:15:40-та жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 2289 шақырым жерде, Әзірбайжан аумағында, Каспий теңізінде орналасқан. Магнитудасы MPV 5.7.