Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Өзбекстан Конституциясы күніне орай бір топ сотталғандарға рақымшылық жасады

AstanaTV
07.12.2023ж. 18:37
417
Өзбекстан Конституциясы күніне орай бір топ сотталғандарға рақымшылық жасады

Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 31 жыл толуына орай Өзбекстан Республикасы Президенти Шавкат Мирзиёев «Жазасын өтеп жатқан, жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінген және кінәлі деп танылған бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабы, 23-тармағына сәйкес жасаған қылмыстары үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде және пробация органдарында жазасын өтеп жатқан, жасаған әрекетіне шын жүректен өкініп, өзін жақсы жағынан көрсете білген 334 адамға кешірім жасалды.

Рақымшылық жасалған тұлғалардың 34-і негізгі жазадан толық босатылса, 249-ы жазасын өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, 6 тұлғаның бас бостандығынан айыру жазасы жеңілірек жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ 45 адамның бас бостандығынан айыру туралы жаза мерзімі қысқарды.

Рақымшылық жасалғандардың 18-і шетел азаматтары, 23-і әйелдер, 15-і 60 жастан асқандар, 88-і тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқандар.

Жарлықтың орындалуына байланысты жауапты министрліктер мен ведомстволарға рақымшылық жасалған азаматтардың отбасы мен жақындарына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу жөнінде тапсырмалар берілді.