Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты

AstanaTV
07.12.2023ж. 18:45
599
Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады.

7 желтоқсан сағат 18.00 шамасында температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағытында дизель жанармайымен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізіледі.

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.