$539.54 €637.09 ₽6.52
×

ОҚО-да есек ұрлағандар жануардың терісін сыпырып әкетіп отырған

AstanaTV
01.04.2016ж. 20:00
ОҚО-да есек ұрлағандар жануардың терісін сыпырып әкетіп отырған

Оңтүстік Қазақстан облысында пайда көздегендер есек ұрлауға көшкен. Ұрлап қойса бір сәрі, құныққандар еңбегі адал болғанымен, еті арам саналатын жануардың терісін сырып алып отырған.

Түркістан қаласына қарасты Сауран ауылы тұрғындары түсіріп алған мына бейнекадрде ауыл маңында бірнеше есектің өлексесі жатыр. Видео авторының айтуынша, бұл бір түнде болған жағдай. Жануарларды бауыздап, терісін сыпырып алып кеткен. Ауыл азаматтары еңбек көлігі саналатын жануардың терісінен бөлек, құлақтарын да кесіп алғанын байқапты.

Тұрғындардың есектері жоғалғанын айтып арыздануы бойынша ізге түскен полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қызылорда облысының бес тұрғынын қамауға алды. Ішкі істер департаменті өкілдері, күдіктілердің осындай он қылмысқа қатысы бары дәлелденгенін жеткізді. Осыған орай қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың мөлшері жарты миллиондай бағаланады. Олар ұрлаған есектерді қалаға алып келіп саудаға салған. Ал негізінде қандай мақсатпен жасаған ол тергеу барысында белгілі болады. Қандай сауда нүктелерінде сатқан және кім сатып алып отырған? Оның бәрі тергеу барысында анықталады, мүмкін, бұл топ болар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ