Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев осыдан бірнеше күн бұрын жиенді болды. Өнер иесінің қызы Қорлан сәбиімен перзентханадан шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы өнер иесінің қызы Қорлан Instagram парақшасында айтты. Видеодағы мәліметке сүйенсек, Төлендиевтің жиенінің есімі - Бегім-ай. Әзілкештің қызын жақындары шармен, гүл шоқтарымен әрленген бөлмеде күтіп алған. Нұржан Төлендиевтің қызы сторис. Скриншот: instagram.com/korlawkaa Желі қолданушылары жас анаға ақ тілегін жаудырды. "Құттықтаймыз", "Бауы беірк болсын", "Ғұмырлы болсын", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев жыл басында қызы Қорланды ұзататынын айтты. Осыдан кейін жаңа құдаларымен танысқан өнер иесі ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты.