Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада мектеп мұғаліміне екі оқушыға "жыныстық сипаттағы әрекет жасады" деген айып тағылды

AstanaTV
08.12.2023ж. 10:21
938
Қызылордада мектеп мұғаліміне екі оқушыға "жыныстық сипаттағы әрекет жасады" деген айып тағылды

Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы мектептердің бірінің мұғаліміне кәмелетке толмаған екі балаға жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген айып тағылғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Желтоқсан айының 6-сы күні "102" арнасына Қызылорда қаласының тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған 2 оқушысын Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты мектебінің пән мұғалімі тарапынан сырт киімінің сыртынан жыныстық мүшесін сипау фактісі бойынша арыз түскен", - дейді Жапырақ Ұзақбаева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Осы орайда, бала құқығының қорғалуы бақылауда екенін назарларыңызға жеткіземін", - деп жазды ол.