Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Павлодарлық орманшылар шыршаларды тәулік бойы күзетуде

AstanaTV
09.12.2023ж. 12:00
593
Павлодарлық орманшылар шыршаларды тәулік бойы күзетуде

«Ертіс орманы» ағаш кесушілерге қандай жаза қарастырылғанын еске салды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Табиғи орман резерватында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау шаралары жалғасуда.

Сейтенов орман шаруашылығында ағаштарды тәулік бойы күзетеді. Станцияда орманшыларға барлық жағдай жасалды, радиобайланыс, телефондар жұмыс істеп тұр. Қызметкерлер өтіп бара жатқан көліктердің барлығын тексеріп, арнайы журналға тіркейді.

Жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) жас қылқан жапырақты ағаштарды жою немесе зақымдағаны үшін келтірілген зиян бір дана үшін 15 АЕК (51 750 теңге) құрайды.

Сондай-ақ құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабына сәйкес 150 АЕК (517 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Егер келтірілген залал 100 АЕК-тен асатын болса, құқық бұзушы қылмыстық жауапқа тартылады.

Шыршаларды заңсыз кесу фактілері туралы келесі нөмірлерге хабарлау керек: 8(7182)78-77-32, 8(7182)787732 немесе 102 (тәулік бойы жұмыс істейді).