Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстандық оқушылардың қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

AstanaTV
09.12.2023ж. 14:00
770
Қазақстандық оқушылардың қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады", – делінген хабарламада.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі. Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады.