Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавл халықаралық әуежайындағы жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды

AstanaTV
09.12.2016ж. 20:00
2179
Петропавл халықаралық әуежайындағы жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталды

Петропавл халықаралық әуежайы жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі. Бұл жайында премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында белгілі болды. Өңірдің жағдайымен танысқан вице-премьер нысанның жаңартылғанын өз көзімен көрді.

Жарты ғасыр жөндеу көрмеген әуежайда құрылыс 2015 жылы басталған. Алдымен ұшып-қону жолағы жаңадан төселді. Ұзындығы 2800, ал ені 60 метрге  ұзартылды. Сондай-ақ, белгі беру шамдары да ауыстырылды. Негізгі жолақ енді алып әуе кемелерін қабылдауға қауқарлы. Бұл мақсатқа үкімет резерві мен республикалық бюджеттен барлығы 6 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Әзірге ұшақтар тек Астанаға ғана қатынап жүр. Алдағы уақытта Алматы, Мәскеу сияқты бағыттар ашылмақ. Әуежайдағы жолаушылар терминалы да жаңғыртылып жатыр. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы тындырылған.

Марат Хасенов,  «Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ директоры:

Реконструкция өткен кезде біздің жолаушылар терминалымыз халықаралық стандарттарға сай болады. Тағы да бұдан басқа технологиялық қондырғылар алынып жатыр. Осы аэровокзалға 1 миллиардтан аса қаражат бөлінген республикалық бюджеттен.

Абзал ҚҰРМАНКИН