Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Риддерде жылытқыштың салдарынан пәтер өртенді

AstanaTV
09.12.2023ж. 23:07
842
Риддерде жылытқыштың салдарынан пәтер өртенді

Риддер қаласында Станция көшесіндегі бірінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қызыл жалынның жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Төрт адам қауіпті аймақтан өз бетімен шығып үлгерген. Көп ұзамай жеке заттар мен жиһаздарға жайылған тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

- Отты сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 3 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған. Өрттің шығуына қараусыз қалған жылытқыш себеп болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, барынша абай болу қажеттігін ескертті.