Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Балжан Бидаш Таиландта қалай демалып жатқанын көрсетті

AstanaTV
11.12.2023ж. 09:47
512
Балжан Бидаш Таиландта қалай демалып жатқанын көрсетті

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш бүгінде Таиландта демалып жатыр. Соңғы уақытта қарқынды жұмыс істеген өнер иесі өзіне демалыс жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаштың шетелге ұшып кеткені жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Шоу-бизнес жұлдызы бұл сапарға ойламаған жерден аттанғанын алға тартты. Ол Таиландқа бару идеясы келген бойда оны іске асыруды шешкен. Балжан Бидаш бүгінде Таиландтың әсем жерлерін аралап, алған әсерін оқырмандарымен бөлісуде.