Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Димаш Еуропадағы әйгілі телешоуға қазылық етеді

AstanaTV
11.12.2023ж. 11:17
442
Димаш Еуропадағы әйгілі телешоуға қазылық етеді

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Еуропадағы әйгілі «Виртуоздар» телешоуына қазылық етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қуанышты хабарды әншінің өзі әлеуметтік желіде жазды.

1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктердің бірі. Барлық қатысушыларға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін. Пласидо Доминго шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз!, - деп жазды ол.