$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Алтыншы баламыз деп қабылдадық": Роза Әлқожа жаңа түскен келініне ерекше тосынсый жасады

AstanaTV
11.12.2023ж. 13:11
798
"Алтыншы баламыз деп қабылдадық": Роза Әлқожа жаңа түскен келініне ерекше тосынсый жасады

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Әлқожа келініне ерекше тосын сый жасап, оны қуантты. Өнер иесі алдағы уақытта жас жұбайларды шетелге демалысқа жібермек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа келініне жасаған тосын сыйын Instagram парақшасында көрсетті. Әнші оған бірнеше мәрте таңдау беріп, соның нәтижесінде жас жұбайларды жақын арада шетелге жіберетін болды. Бейбарыс Қаба келіншегімен бірге Шри-Ланка еліне аттанбақ.

"Сіздер бақыт тілеген келініміз ғой. Алтыншы баламыз деп қабылдадық. Жаңа үйленгенде, үйге үйренісе алмай жүргенде күйеуіңнен басқа ешкім қызық болмайды ғой. Бар баққаның, бар күткенің бір адам. Ал, ол өзінше боп жүреді дегендей. Сәлемі, орамалы бәрі де бар. Тек қалаға, қыдыруға шыққанда жалаңбас жүре бер деп рұқсат бердік. Маған да сөйткен. Жалпы, Алматы облысында қатты заң жоқ. Кеше Ясинаға куртка әпер деп Әсемді сауда үйіне жібергенмін. Өзім салонда едім. Идея деген ойда жоқта келеді емес пе?! Келінге күтпеген жерден кеше салонда отырып осылай жаздық та жасадық. Әділ екеуміздің бұл жасырынбағымыз әділ өтті. Оның айғағы міне! Келінжанның аппақ ниеті шығар?! Көңіліңе құдай берсін", - деп жазды әнші. Көпшілік енесі мен келінінің қарым-қатынасына тәнті болып, жылы лебізін білдіруде.