Танымал актриса Лаура Мырзахметова "Мамский әңгіме" бағдарламасында келін болып түскен әулеті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, актриса Моңғолияға келін болып түскен.
"Жолдасымның ата-анасы Моңғолияда тұрады. Ол жақта көп салт-дәстүр ұстанбайды екен. Енемнің жасындағылар ғана орамал тартады, ал келіндер жалаңбас жүре береді екен. Киіз үйге келін болып түстім. Бірақ ешкім басыма орамал салмады. Орамалды шымылдыққа іліп қойған. Күйеуіме "мамаңды шақыр" дедім. Сөйтіп, енеме "бізде арнайы енесі ақ орамалын тілегін айтып салады, сіз де солай тағыңыз" дедім. Солай енем басыма орамал салды", - деді ол.
Өнер иесі енесіне салт-дәстүрді өзі үйреткенін де жасырмады.
"Таңертең сәлем салдым. Бәрі таңғалды. Ешкім ештеңе демеді, тілек айтпады. Үшінші күні енеме "мама, бізде сәлем салған кезде "бақытты бол", "көп жаса" деп бата береді. Сіздер рахмет деп отыра бересіздер" дедім. Сөйтіп, олар да орамал тағып, сәлем салғаныма үйренді. Солай сіңіп кеттік", - деді ол.