$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде 44 градусқа дейін аяз болады

AstanaTV
11.12.2023ж. 18:55
819
Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде 44 градусқа дейін аяз болады

Арктикалық антициклон ықпалына байланысты алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 12-13 желтоқсанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Таулы аймақтарда 12 желтоқсанда қалың қар жауады.

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

«12 және 13 желтоқсанда ауа температурасы түнде солтүстік-батыста және орталықта 25-38 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38 градус аязға дейін, қиыр солтүстік пен солтүстік-батыста 40-44 градусқа дейін, республиканың шығысында 20-38 градусқа дейін аяз боулы мүмкін», - делінген хабарламада.

14 желтоқсанда синоптиктер 32-38 градус аяз болатынын, ал кей жерлерде термометрлер 40-42 градус аязға дейін төмендейтінін айтады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-30 градусқа дейін, таулы аймақтарда 33-38 градусқа дейін күн суытады.

«14 желтоқсаннан бастап арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытта ығыса бастайды, осыған байланысты республикада ауа температурасы көтеріліп, түнде аяз біршама басылады. Түнгі уақытта батыс өңірлерде 5-16 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 15-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-38 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.