Тәуелсіздік
мерекесі қарсаңында Қызылжарда 25-ші этно-мәдени орталық ашылды. Жуырда грузин
диаспорасы ресми тіркелсе, бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы мен "Нұр
Отан" партиясы бірлесіп ұйымдастырған шаралардың қорытындысын жария етті.
Партияның қолдауы арқасында аймақта этникалық бірлестіктер белсенді түрде дамып
келеді. Соның бір айғағы - бірнеше жыл бұрын жергілікті университетте «Қазақстан
халқы ассамблеясының» кафедрасы құрылды. Студенттерді ұлтаралық достыққа
баулитын пән жаңа жылдан бастап әскери институтта да енгізілмек.
Рашид
Надиров, «Барбанг» күрд орталығының төрағасы:
Елбасының
саясаты - Қазақстан халқы ассамблеясы - өз нәтижесін беріп жатыр. Әр орталық өз
тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытып жатыр. Және де "Нұр Отан" партиясы бұған
өз үлесін қосып жатыр. Барлық жерде осындай жобалар орындалып жатыр.
Биыл
Қазақстан халқы ассамблеясы мен "Нұр Отан" партиясы арасында екіжақты
меморандумға қол қойылған. Партия өкілдері бүгінде этникалық бірлестіктердің
игілікті бастамаларын қолдап, оларды жүзеге асыруға мол септігін тигізіп
отыр.
Кеңес
Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары:
Біз
меморандум аясында бірнеше акция, дөнгелек үстелдер мен пікірталас алаңы сияқты
түрлі шараларды өткіздік. Қазақстан - үлкен отбасы. Ұлтаралық қарым-қатынас елдің
әл-ауқатына оң әсер етеді.