$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазақстан ауасы ең лас 40 елдің қатарында тұр"- М.Әшімбаев

AstanaTV
11.12.2023ж. 20:00
793
"Қазақстан ауасы ең лас 40 елдің қатарында тұр"- М.Әшімбаев

Ауасы ластанған 40 елдің қатарында Қазақстан да бар. Өскемен қаласында орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу кезіндегі парламенттік комиссияның көшпелі отырысы өтті. Өскемен еліміздегі ауасы ең лас қалалар қатарында болғандықтан, жиын осы жерден бастау алды. Еліміздің өнеркәсіп орталығына айналған аймақта экологиялық қауіпсіздік мәселелері өзекті. Сенаторлардың айтуынша, қолданыстағы стандарттар жүйесі ескірген және елдегі ауаның сапасын шынайы бағалауды қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты стандарттар жүйесін реформалау және ұлттық заңнамаға өзгертулер енгізу аса қажет.

Сұңғат ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өскеменде екінші станцияның құрылысы айтарлықтай жоғары деңгейде қарастырылуда. Қазір Ресейдегі серіктестерімізбен тиісті келісім дайындалуда. Бірінші кезеңде көмір стансасы салынады. Өйткені біздің облыс газдандырылмаған. Бірақ техникалық тапсырмада оны кейін газға көшіру талабы міндетті түрде қамтылады.