$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Эрмек Марқабаевтың ісіне байланысты заңсыздықтарды тоқтатыңыздар!" - айыпталушының жақындары

11.12.2023ж. 20:00
597
"Эрмек Марқабаевтың ісіне байланысты заңсыздықтарды тоқтатыңыздар!" - айыпталушының жақындары

"Эрмек Марқабаевтың ісіне байланысты заңсыздықтарды тоқтатыңыздар!". Алматы облысындағы атышулы «Алтын Орда» базарының бұрынғы атқарушы директоры Эрмек Марқабаевтың жақындары әділдік іздеп Астанаға келді. Олар айыпталушыны 7 айдан бері заңсыз қамауда ұстап отырғанына наразы. «Сотқа дейінгі тергеу амалдарында көптеген заңбұзушылықтарға жол берілді»,- дейді.

Жұлдыз МАРҚАБАЕВА, Э. МАРҚАБАЕВТЫҢ ӘПКЕСІ:
Оның қалтасына есірткіні қасақана салып жіберген. Біздің барлық айғақтарымыз бар. Әділ шешім қабылданғанын талап етіп Қырғызстаннан Астанаға арнайы келдік. Сот процессі басталғалы орын алған әділетсіздіктер мен заң бұзушылықтар өте көп. Бұл адамдыққа жатпайды.
Роза КАРИМОВА, Э. МАРҚАБАЕВТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Ол есірткіні мүлдем қолданбаған адам. Тіпті, оған қатысы да жоқ. Бұл жерде бір шикілік бар. Кінәсіздігін дәлелдейтін барлық айғақтарды қорғаушы көрсетті. Жазықсыз адам жазаланама деп қорқамыз. Әділ шешім қабылдағанын қалаймыз.Ол есірткіні мүлдем қолданбаған адам. Тіпті, оған қатысы да жоқ. Бұл жерде бір шикілік бар. Кінәсіздігін дәлелдейтін барлық айғақтарды қорғаушы көрсетті. Жазықсыз адам жазаланама деп қорқамыз. Әділ шешім қабылдағанын қалаймыз.