Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Маңғыстауда 19 жастағы ер адам 10 жастағы оқушы қызға алымсақтық көрсетті деген күдікке ілінді

AstanaTV
12.12.2023ж. 08:38
745
Маңғыстауда 19 жастағы ер адам 10 жастағы оқушы қызға алымсақтық көрсетті деген күдікке ілінді

Маңғыстауда тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызға алымсақтық жасады деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жазуынша, жәбірленуші қыздың анасы бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген болатын. Әйелдің айтуынша, белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы оның 10 жасар қызына интимдік хабарламалар жазады.

Қазіргі уақытта полицейлер 19 жастағы жігітті ұстады. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс) Мұнайлы ауданы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ПБ-да тіркелді.

Полицейлердің ақпараты бойынша, қазір тергеу жүріп жатыр, басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.