Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Өз еркіммен балалар үйіне кетіп қалдым". Түркістан облысында жағаұстатар жайт болды

AstanaTV
12.12.2023ж. 10:51
1041
"Өз еркіммен балалар үйіне кетіп қалдым". Түркістан облысында жағаұстатар жайт болды

Түркістан облысы Жетісай ауданынан Рұқсат Кенжаева бір-ақ күнде балаларын таппай қалған. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер перзенттерін өзі үйінен алып кеткен. Алайда әйелдің туған қызы басқа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

"Көрпе-төсек шашылып, жайында жатыр. Балаларды сүйреп алып кеткен. Есік ашық, сиыр үйге кіріп кеткен", - дейді ана. 

Көпбалалы ана бұған көршілерін кінәлайды. Ол "балаларымды бақсам да, құзырлы органдармен бірлесіп, балаларыма тыныштық берген емес" дейді.

"2 жылдан бері тыныштық бермеді. Бір келгенде 10 полицей келеді. Мен түзу жолда жүрсем, бала-шағама қарасам, не үшін мені қорлайды? Көршілер "шешесі кетті, балаларына қарамайды" дейді екен. Одар мені көре алмайды", - дейді ана. 

Перзенттерін шарқ ұрып іздеген әйел оларды Леңгірдегі балалар үйінен табады. Ананың айтуынша, баспанасы бола тұра мекемеге орналастырылған ұл-қызы қысымға ұшырап отыр. 

"Маған дүниенің керегі жоқ, балалар жоқ, 4 бөлмелі үй қаңырап қалды. Балаларымның қайтуын қалаймын", - дейді ана. 

Әйел балалары жоғалып кеткен күні төркініне кеткен. Келесі күні түстен кейін келген. Үйдің үлкені болып 15 жастағы ұлы қалған, ал кіші баласы 7 жаста. Оның айтуынша, бұл іске оның бұрынғы күйеуінің қатысы бар болуы мүмкін. 

Ал әйелдің көршісінің бірі жағаұстатар дерек айтты. 

"Бала-шағасымен мені ұрған. Ауруханада 1 апта жаттым. Осы жазда болды. Өздерінен-өздері үлкен ағашпен ұрды. Балалары мектепке бармайды. Есіктер ашық тұрса, үйге кіріп бәрін алып кетеді", - дейді көрші. 

Ал Жетісай аудандық әкімдік өкілдері балалардың тартып алынбас бұрын бірнеше рет ескертпе берілгенін айтты. 

Ал әйелдің қызы 17 жастағы Несібелі бұдан 2 жыл бұрын үйден өз еркімен кетіп қалған. 

"Мен өз еркіммен балалар үйіне кетіп қалдым. Маған ешкім ештеңе үйреткен жоқ, мектепке жібермейді. Балалар әріп танымайды. Анам мені оқу орнына күйеуге беремін дейтін", - дейді қыз. 

Рұқсат Кенжаеваның балалары 2 жыл бойы мектепке бармаған. Тіпті қайыр тілеп жүруге мәжбүр болған.