Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада бас шырша қашан жағылатыны белгілі болды

AstanaTV
12.12.2023ж. 14:12
856
Елордада бас шырша қашан жағылатыны белгілі болды

Астанада 17 желтоқсанда сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтемес жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады.

"Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен безендіріледі", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр 19 желтоқсанда ЭКСПО көрме кешені жанындағы алаңда Қазақстанның бас шыршасы жағылған болатын. Оның да биіктігі 25 метр болды, әдемі жарыө өрнектермен безендірілген еді.