Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Су жаңа көлік үшін 5 млн теңге". Халық автосалонға қарай ағылып жатыр

AstanaTV
12.12.2023ж. 14:34
775
"Су жаңа көлік үшін 5 млн теңге". Халық автосалонға қарай ағылып жатыр

Жаңа жыл қарсаңында Chevrolet автосалондары жаңа көліктерге жеңілдіктер жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, ең бюджеттік үлгілердің бірі «Chevrolet Cobalt» 5,4 миллион теңгеден сатылып жатқаны белгілі болды. Жеңілдік туралы естіген жұрт автосалонға ағылған.

Салонның ресми сайтында әртүрлі үлгідегі көлікке жасалған жеңілдік туралы жазылған. Мысалы, Chevrolet Malibu көлігіне 4,5 млн теңге жеңілдік жасалған.

Әлеуметтік желіде таралған видеолардан автосалондағы адамдардың көптігін байқауға болады. Қазақстандықтардың айтуынша, жеңілдікпен көлік сатып алу мүмкіндігі көп бола бермейді.

Автокөліктерге жеңілдіктер айдың соңына дейін сақталатыны мәлім болды.