Әлеуметтік желілерде ҰҚК WhatsApp-та пайдаланушылардың хат-хабарларын қалай бақылайтыны көрсетілген делінген видео тарады. Бұл фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz ресурсы.
Видеода экраны монитор көрсетілген, ондағы бейне бір уақытта хабар алмасатын бірнеше терезеге бөлінген. Бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл видео әлеуметтік желілерде 2023 жылдың қазан айының аяғында тарала бастаған.
Сондай-ақ, оны Өзбекстан мен Дағыстан пайдаланушылары жаппай таратқан, осылайша билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайды-мыс.
"ҰҚК ватсапты қадағалайды", - делінген видеода жарияланған мәтінде.
"Видеоның сапасы төмен, сонда да кадрдан мессенджер интерфейсінің Telegram-ға да, WhatsApp-қа да ұқсамайтынын көруге болады. Экранда көрсетілген дүние қытайлық WeChat мессенджеріндегі жарнамалық спам-хабарламаларды жаппай таратуға ұқсайды", - делінген фактчекерлердің тексеруінде. Демек, видеода айтылған ҰҚК WhatsApp-тағы хат-хабарларды қадағалайтыны туралы мәлімдеме жалған.