Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қостанай тұрғындары көпқабатты үй құрылысына наразы

12.12.2023ж. 20:00
740
Қостанай тұрғындары көпқабатты үй құрылысына наразы

Қаланың бас жоспары қалың жұртты қарбаласқа салды. Қостанайда көпқабатты үйлер құрылысына қатысты түйткіл басылмай тұр. Бас жоспарға сәйкес биік нысандар жеке сектор аумағында бой көтеруі керек. Бірақ тұрғындар наразы. Көпшілік үй-жайын,ұлтарақтай жерін бермейміз деп отыр.

Бас жоспарға сәйкес бұл маңда «Гүлдер» тұрғын үй кешені мен балабақша және емхана бой көтереді. Тұрғындардың айтуынша жеке сектордағы жиырмадан астам жер үй бұзылады. Қаладағы жалғыз қарттарды оңалту орталығы да осы маңда. Ол да қызыл сызыққа ілігіп тұр. Жергілікті тұрғындар құрылысқа түбегейлі қарсылық білдіріп отыр.

Қапиза ЫРҒЫЗБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

20 жыл мені асырыған, өсірген ағаштарымды келіп балтамен шауып тастаймзы дейді.жалғыз менің ағаштарым емес.Бәріміздің ауламызда қаншама жеміс ағаштары бар.Біз содан,егіннен күн көріп отырмыз.

Айсұлу БАЛТАБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің районды сыдырып тастап, ИП «Гүлдер» деген жерімізді алып қоймақшы. Соған мен қарсымын.Біз өзіміз салдық үйді.Бала-шағамыз бар.Енді біз қалай кетеміз.

Айгүл НҰРЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бәрі де жарықты өздері істеді.Канализация, газ бәрін өзіміз өткіздік.Үкіметтен ештеңе сұраған жоқпыз.Өзіміз бәрін салдық.

Серік Молдашұлы шаһар шетіндегі шағын ауданға 16 жыл бұрын қоныстанған. Адал еңбек, маңдай терімен салған шаңырақта шат-шадымен өмір сүріп келеді.Берекелі баспанасын сатып, басқа жаққа көшу ойында жоқ.

Серік БЕЙСЕНБИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Балалар үшін осы қалаға көшіп келдік.Қалад пәтерде тұра алмаймыз.Жер үйге үйренген едік.Сондықтан осында кеп тұрдық. Сатып алдық, салдық.Ал енді осының бәрін бұзып, құртып жаап-жаңа үйлерді қиратып көпқабатты үй саламыз дейді. Ол кімге керек?

Қалалық сәулет және құрылыс бөлімі тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ дейді. Көпқабатты үй бой көтеретін учаскі жекеменшік иелігінде. Кәсіпкер өз аумағында құрылыс салады. Жеке сектордағы ешкімнің жері және үйі бұзылмайды деп сендірді.

Гүлсара ҚАСЫБАЕВА, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жеке сектордағы жер учаскелерді мемлекет қажеттілігіне қайтару немесе үйлерді сүру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.Өйткені жеке кәсіпкер «ЦОЙ» құрылыс нысанын өзіне тиесілі жер аумағында салғалы отыр.

Қала билігі желтоқсанның жиырмасы күні қоғамдық талқылау болатынын хабарлады.Дәл осы күні тұрғындар түйткілі түбегейлі шешімін таппақ.