Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

“Пышақтап, каналға лақтырып жіберген”: Түркістанда Аружан Орынбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
12.12.2023ж. 23:51
1390
“Пышақтап, каналға лақтырып жіберген”: Түркістанда Аружан Орынбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Түркістан облысында кәмелетке толмаған Аружан Орынбайды бопсалау және өлтіру дерегі бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың өліміне кінәлі болуы мүмкін екі күдікті ұсталған.

Оқиға 2023 жылдың сәуір айында болды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың бірі Аружанның жартылай жалаңаш суретін досына жіберген. Екіншісі қызды бопсалап, одан 1 миллион теңге сұрайық деп ұсыныс айтқан.

Алайда досы бұл әрекетке көнбепті. Бопшалаушы досына күш көрсетемін деп қорқытқан. Нәтижесінде соңғы кездесуде екі ер адам мен жәбірленушінің арасында жанжал шыққан. Ол қызды екі рет пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген. Оқушы қыздың мәйіті оқиға орнынан 2 шақырым жерден табылды.

"Сот үкімімен бір сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Бопсалау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екінші сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбай.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ал қыздың анасы сот шешімімен келіспейтінін КТК арнасына берген сұхбатында айтты.

"Бейбарыс деген баланың қатысы бар екен. Бұл жерде Төлеп деген баланың шығарып бергені болып отыр. Бірақ шығарып берген күнде де, өлім болып отыр ғой. Сот шешімімен келіспеймін. Қалай үй қамаққа жібереді? Төлеп деген бұрынғы әкімнің баласы. Жазасын алсын деймін. Кімнің баласы болса да, қандай баласы болса да, олардың балалары тірі. Ал менің қызым енді жоқ”, – дейді А. Орынбайдың анасы Динара Зілғараева.