$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті

AstanaTV
12.12.2016ж. 20:00
2369
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті. Бұл төрағаның төменгі палата спикері ретіндегі алғашқы шетелдік сарапы. Нұрсұлтан Назарбаев В. Володинді жаңа қызметке сайлануымен құттықтады.

Басқосу барысында екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі жолдары талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестігіне негізделген интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында В. Володин Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Вячеслав Володин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы:

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осы уақытқа дейінгі жасалған істерді бір қорытындылап өтуге болады. Біз үлкен жетістіктерді байқап отырмыз. Халықтың әл-ауқатының артып, әлеуметтік-экономикалық салалардағы алға жасалған қадамдар жеткілікті. Елорданың даму жылдамдығын көре отырып, қазақстандықтардың ұмтылысы мен  Президент Назарбаевтың мұндай ұзақжылдық жоспарларды сәтті іске асыруына жоғары баға беруге болады. Көрші елдің жетістіктерге жетіп жатқаны жақсы, біздің достық уақыт өткен сайын беки түспек.

Айбек ҚОСАН