Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 14-16 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, ашық болады, бірте-бірте аяздың беті қайта бастайды.
"Қазақстанның шығысында арктикалық антициклонның орталығы орналасады, сондықтан мұнда төмен, аязды температура сақталады", – дейді синоптиктер.
15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, қар жауады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл соғады.