Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Несие, алимент төлемеген борышкерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынады", - министр

13.12.2023ж. 20:00
575
"Несие, алимент төлемеген борышкерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынады", - министр

"Бәс тігуді насихаттайтын жарнамаға тыйым салу керек". Спорт және туризм министрі Ермек Мыржықпаев осылай деді. Сала басшысы ойын бизнесімен белсенді күресіп жатқанын айтады. Биыл сотқа 14 талап-арыз жіберіліп, 7 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автомат залы жұмысын тоқтатқан. Көпшілікті құмар ойыннан шектеу үшін бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізбек. Ойынханаларға 25 жасқа дейінгілерге кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ несиесі, мемлекетке қарызы бар адамдарға құмар ойнауға рұқсат етілмейді.

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Егер адам борышкерлердің, алимент төлемейтіндердің және кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар бірыңғай тізімге енгізілсе, оған құмар ойындарын ойнауға тыйым салынады. Осы шаралардың барлығы елдегі лудоманияға жол бермеу бағытталған.