Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ошағы бой көтермек

Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ошағы бой көтермек

Қызылордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ошағы бой котермек. Жобаның құны -98 млрд теңге. Ал Оралда жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен екі мектеп салынып жатыр. Бұл өңірлердегі үш ауысыммен оқу мәселесін шешуге сеп болмақ.

Қызылорда қаласының шет аймағы саналатын КБИ мөлтек ауданының балалары осы ұядай ғана ғимаратта оқуға мәжбүр. Мұнда балалардың заман талабына сай білім алуына ешқандай жағдай жасалмаған. Енді бұл мәселе шешімін табады дейді жауаптылар. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде.

Бибісара ИМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
25 жылдан бері осы КБИдің тұрғынымын. 10 балам осы мектепте оқып білім алды. Үлкен-үлкен қызметтерде істеп жатыр. «Жайлы мектеп» соғылады деген соң қуанып, қойнымызға сыймай жатыр қуанышымыз. Арманымыз еді, мінекей салынып жатыр.
Қазір аймақта ұлттық жоба аясында 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал қалған 11-і келесі жылы басталады. Білім ошақтары облыс орталығында ғана емес, аудандарда да салынады. Жобаны жүзеге асырудағы мақсат -балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Асқарбек ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Мемлекет басшысы мектеп ең қауіпсіз орынға айналуы тиіс деген тапсырмасы бар. соған байланысты ең бірінші кезектер Жайлы мектептер қауіпсіздігімен және замауи пәндәк кабинеттердің жабдықталуымен ерекшеленеді. Және бұл мектептердегі ұстаздар кәсіби қайта даярлаудан өткізілетін болады.
Батыс Қазақстан облысында мектеп тапшылығы жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен шешілуде. Аталмыш қаражат шалғай ауылдағы құрылысы уақытылы аяқталмаған екі білім ордасына жұмсалған. Бұл іске 650 миллион теңге бөлінген. Жаңа мектеп салынғанша, ауыл балалары кітапхана мен мәдениет үйін және жастар ресурстық орталығын паналап келді. Енді жемқорлардан тәркіленген ақшаға облыс орталығынан тағы бір мектеп салынады.

Нұркен МОЛДАШЕВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мердігер анықталды 31-мектеп бойынша. Оған 2,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұрын жеке кәсіпкерге салып бітіру үшін берілген болатын ол жер. Онымен жеке кәсіпкер жұмыстарын бастамай, кредит ала алмадцы, тағы да басқа проблемалары болды. Өзіміздің балансқа қайтарып, қазіргі таңда ол жерде 400 орындық мектептің құрылысы басталатын болады. Сол қордан қаражаты бөлінді.
Биыл өңірде 13 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Бірақ білікті мамандар әлі тапшы, әрі апатты мектептер саны да азаяр емес. Мәселені тез шешуді көздеген шенеуніктер енді ауылдарда шағын жинақты мектеп санын көбейтпек.