Бұл жаңа форматтағы ток-шоу! Мұнда спикерлер эфир тақырыбын қызу талқылап қана қоймай, бағдарлама соңында туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жасайды. «Уақыт келді» — қоғамның маңызды мәселелерін көтеріп, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымы өкілдерінің арасында өзекті тақырыптарды тікелей талқылауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси ток-шоу. Әрбір мәселе – қызу тақырып, әрбір оқиға – шағын тергеу, телеталқылаудың қисынды қорытындысы – билік пен халық арасындағы меморандум немесе «жоспар-келісім», орын алған жағдайды шешу немесе ең болмағанда мәселелерді шешу үшін бірлескен әрекеттердің жоспарын әзірлеу. Меморандум бойынша белгілі бір «уәделердің» орындалуын бақылау циклді түрде жүзеге асырылады, қорытынды сюжет немесе есепті бағдарлама өзекті мәселе жабық болып жариялағаннан кейін эфирге шығарылады.