«Қолтаңба» - Президент реформаларының жүзеге асырылу барысын баяндауға бағытталған жоба. «Президент қабылдаған шешімдер, қол қойған құжттар - қарапайым азаматтардың өміріне қалай әсер етіп жатыр?» Негізгі сұрақ осы. Сол себепті түсірілім тобы өңірлерге барады, жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалармен танысады, аймақ дамуына қалай әсер етіп жатқанын көреді. Одан бөлек, маңызды заңдар қабылданған соң, қандай өзгерістер болып жатқанын айтады.
Жоба жүргізшілері: Дастан Сейілханұлы, Өмір Әнуарбек