$460.43 €501.04 ₽6.65
×
Ессіз махаббат
Түрік телехикаясы

Ессіз махаббат

Телехикая Эсра есімді жас ару мен оның махаббаты туралы. Ол даяшы болып жұмыс істейді, тұрмысқа шығу – басты арманы. Күндердің күнінде өз компаниясын ашуды армандайтын Озан есімді жігіт алдынан шығады. Оның ақылды екеніне көзі жеткен Эсра болашағынан үлкен үміт күтіп, тұрмысқа шығуға бірден келісімін береді. Алайда тұрмыстық өмір оңайға соқпайды, олар бақытты отбасын құра алмайды. Көңілі қалған Эсра тез арада ажырасуға шешім қабылдайды. Арада жылдар өтеді. Озан өзінің онлайн қосымшасын жасап, дүйім жұртқа танылады. Байып кетеді, үлкен компанияның басшысы атанады. Сымбатты, жас, кәсіпкер Озанның жетістігін көріп Эсра қуана қоймайды. Бойжеткеннің бойында бұрынғы әрекетім дұрыс болды ма екен деген күдік пайда болады. Оны алда не күтіп тұр? Екі жастың махаббаты қайта жандануы мүмкін бе?

Апта бойы 21:00

Өткен шығарылымдар