Телехикая басты кейіпкер Надя Самсонованың өмірі жайлы. Қалада ауруханада қарапайым медбике болып жұмыс жасайтын Надя ауылда ата-анасымен бірге тұрады. 30 жасына дейін Надя жеке өмірін ысырып, өзін адамдарға қызықсыз әрі ұсқынсыз санап келген. Бірақ көңілді мінезі, мейірімділігі және ақкөңілділігі үшін оны ата-анасы, көршілері, әріптестері мен науқастары жақсы көріп, құрметтейді.