Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×
Мелодрама

Вопреки всему

Бұл Қазақстанның белгілі режиссері Ақан Сатаевтың "Астана" телеарнасының тапсырысы бойынша түсірген көпсериялы драмасы.

Ауыл қыздарының ішінде бір төбе болып тұрған Камила есімді бойжеткенге Сәрсен деген қылмыстық әлемнің серкесі тыныштық бермейді. Камила Алматыға қашып кетеді. Көп ұзамай Мұрат атты жігітпен танысады. Мұрат Камилаға бір көргеннен құлай ғашық болады. Ал аузы күйген Камила көңіл білдірген жігіттен біраз уақыт сескеніп жүреді. Уақыт өте келе екеуі жүрекпен ұғынысып, бас құрайық деп шешеді. Алайда Мұраттың анасы ауылдың қарапайым қызын жалғыз ұлына тең көрмейді. Тіпті, өзіне ұнаған келінді таңдап, "осыны ал" деп қолқалайды. Дәл осы кезде ауылға әке-шешесіне келген Камиланы Сәрсен ұстап алады...   

Өткен шығарылымдар