$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Абай Бегей туған қызымен неге ренжісіп қалды?

Ел аузында

Ел аузында

Толығырақ

Жақында екінші рет шаңырақ көтерген танымал әнші Абай Бегей өз қызын ренжітіп алды. Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына айтты. Оның сөзінше үлкен қызы әкесінің тойына келмей қойыпты. "Мұның себебі екінші рет отбасын құруым болуы мүмкін",- дейді ол.

- Үлкен қызым тойға келмей қалды. Иә, келмей қалды! Неге? Себебі, ол қызғанды ма мүмкін... Сондай себептер болды.

Айта өтейік, әншінің алғашқы әйелі мезгілсіз қайтыс болған еді. Кейіннен ол өзінен 16 жас кіші қызға үйленіп, 200 адамға арнап той жасады. Абай Бегейдің қазіргі отбасы және қызының қарым-қатынасы жайлы осы жексенбі 19:00-де "Ел аузында" бағдарламасында.