Жақында ғана әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов отбасын құрған еді. Бірақ отбасылық өмір басталмай жатып, жас келін жылап жүр. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасы хабарлайды. Әнші мұның себебін "қатігез" көрермендердің әлеуметтік желідегі пікірлерінен деп түсіндірді. Айтуларынша, желіні "бұл жұп жарасымды емес, теңі емес, келіннің көйлегі ұсқынсыз" деген секілді пікірлер қаптап кеткен. Мұны Альбина көңіліне жақын алса керек, көзі жастан құрғамапты.
Бағдарламаның толық нұсқасын сенбі 19:10-да "Астана" арнасынан көріңіздер.