$473.59 €544.68 ₽5.94
×

"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын тексерді

02.08.2026г. в 02:30
"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын тексерді
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнеленген бейнеролик таралды. Әкімшілік құқық бұзған азаматтың көлігінде  әнші Мөлдір Әуелбекованың да отырғанын ел жарыса жазуда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнеленген бейнеролик анықталды.

Тексеру нәтижесінде 38 жастағы жүргізушінің автокөлікті қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарғаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны белгілі болды. Сонымен қатар көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларға қатысты да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция барша азаматты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тағуға және телефонды пайдаланбауға шақырады.