Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Nur Otan» мобилизует все силы для выполнения поставленных Президентом задач, - Байбек

AstanaTV
18.01.2022г. в 20:30
1288
«Nur Otan» мобилизует все силы для выполнения поставленных Президентом задач, - Байбек

«Nur Otan» мобилизует все силы для выполнения поставленных Президентом задач. Об этом заявил первый заместитель председателя партии Бауыржан Байбек в ходе совещания со всеми региональными филиалами по общественно-партийному участию на местах в реализации поручений Главы государства. Встреча прошла в режиме видеоконференцсвязи. Её участники почтили память погибших во время январских событий. В своем выступлении Байбек отметил, что Казахстан пережил тяжёлое испытание. И благодаря решительным действиям Президента, а также мудрости народа в критический момент страна сумела сохранить суверенитет и независимость.

Бауыржан БАЙБЕК, ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ПАРТИИ «NUR OTAN»:

Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткерді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық».  Сын сағатта Мемлекет басшысының батыл шешімдер қабылдауының және халқымыздың даналығы мен сабырлығының арқасында қасіретті қаңтар оқиғаларынан өттік. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап қалдық. Қимас жандарынан айрылған барша отандастардың қайғысына тағы да ортақтасып, көңіл айтамын. Жарақат алған, соққы көрген азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ең бастысы, елдің тыныштығы, адамдардың амандығы екеніне тағы да көзіміз жетті. Қираған дүние түзелер, өртенген ғимараттар қалпына келер, бірақ жүрегімізге түскен сызат ешқашан өшпейді. Қазір біз мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берілген нақты тапсырмаларды орындау үшін партияның барлық тетіктерін іске қосып, партияластарды жұмылдыру жұмыстарын бастадық.

«Nur Otan» уже задействовала все ресурсы для выполнения поставленных Касым-Жомартом Токаевым задач в социально-экономической сфере, отметил Бауыржан Байбек. Так, депутаты всех уровней встречаются с населением, принимают активное участие в разъяснительной работе и восстановлении разрушенной инфраструктуры. А партийная фракция в Мажилисе приступила к законодательному обеспечению реализации поручений Президента. В феврале, по словам первого зампреда, «Nur Otan» планирует запустить платформу для формирования общественного рейтинга депутатов. Партийными добровольцами только в Алматы оказана помощь в размере более 155-ти миллионов тенге. Также Бауыржан Байбек отдельно остановился на роли Первого Президента в истории страны и ответил на критику в адрес партии.

Бауыржан БАЙБЕК, ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ПАРТИИ «NUR OTAN»:

Құрметті, әріптестер, мемлекет басшысы "Күшіміз-бірлікте" деп барлығымызды ортақ мақсат жолында топтасуға шақырып отыр. Қазақ "жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді.  «Nur Otan» партиясы елдің бірлігі мен ішкі тұрақтылықты сақтаудың маңызын үнемі айтып келеді. Партия ту еткен осы мәселелердің қаншалықты маңызды екенін өмірдің өзі көрсетп отыр. Осындай қиын-қыстау кезде партия жұмысынан мін іздеп, парламент таратылсын, партия таратылсын деген мағынада әңгіме таратып жүргендер бар. Мұны айтушылар "Nur Otan" партиясы мемлекеттіліктің, елдіктің негізгі қоғамдық-саяси тірегінің бірі екенін мүлдем түсінбейтіндер. «Nur Otan» партиясы құрылғалы бері Қазақстан мемлекеттілігін сақтау үшін, қоғам бірлігін бекем ету үшін жұмыс істеп келеді. Қазір Тұңғыш Президентіміз туралы да небір пікір айтушылар көбейген. Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді, бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Айналып келгенде анығын бір Құдай біледі.  Ең қиын кезеңде, яғни біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонау алмағайып 90-шы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, етек-жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасы мен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі ұлт тарихында өзінің оң бағасын алары сөзсіз. Ал, осы жылдары кетеуі кеткен дүниені тезірек түзеуіміз керек. Ол – сөзсіз. Президент жариялаған реформалардың да мәні осы. Бірақ, Мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын. 30 жылға енді толған Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін қазақстандық қоғамда мемлекеттіліктің дәстүрін қалыптастыра білуіміз шарт. Оның ішінде білік сабақтастығының дәстүрін. Сондықтан, Тұңғыш президентітң артынан бас-көз жоқ топырақ шашпайық,  бәріне шын төреші уақыт. Біз үшін қазір елдігімізді сақтау, барды ұқсату аса маңызды. Сондықтан Елбасы құрған «Nur Otan» партиясы елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығына бағытталған жұмысын одан әрі жалғастыруы керек. Қазіргі таңда біз алда болатын кезектен тыс Съезд жұмысына дайындықты бастап кеттік. Қаңтардың қасіретті күндерінде Елбасы баршамызды Президенттің маңайына топтасып, елдің амандығы мен бірлігін сақтап қалу үшін бірге әрекет етуге үндегенін баршаңыз білесіздер. Кім не десе де, «Nur Otan» партиясы – Президент жариялаған реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш. Партиямыз Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін – қоғамдық ұйымдарды, депутаттық фракцияларды, түрлі қызметте жүрген 800 мыңға тарта барлық мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыруға дайын.

Я. Гладкова