Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бүгін таңертең Қостанайдағы «Баян сұлу» фабрикасының қоймасы өртенді

AstanaTV
05.02.2014ж. 13:00
1384
Бүгін таңертең Қостанайдағы «Баян сұлу» фабрикасының қоймасы өртенді

Қостанайда «Баян сұлу» кондитер фабрикасының қоймасы өртке оранды. Тілсіз жау бүгін таң ата тұтанып, 120 шаршы метр аумақты шарпыған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сай, темір бастырманың астында тұрған ыдыстар, қағаз бен контейнерлер отқа оранды. Қазіргі сәтте тілсіз жау толығымен ауыздықталған.

Жалынның шығу себептері анықталу үстінде. Алдын ала болжам бойынша өрт абайсызда тұтанған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА





 

Алдыңғы жаңалық