Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырау облысында газдан 1 тәулікте 6 адам уланып, оның ішінде 3 сәби ажал құшты

AstanaTV
04.02.2014ж. 13:00
1279
Атырау облысында газдан 1 тәулікте 6 адам уланып, оның ішінде 3 сәби ажал құшты

Бір тәулік ішінде газдан уланған 6 адам ажал құшты. Атырау облысына қарасты Тайсойған ауылында жекеменшік тұрғын үй өртеніп, 4 адамның ажалына себеп болды.

Төтеншге жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, үйдегі пештен ақау шыққан. Салдарынан, 28 жастағы әйел мен 6, 5 және 3 жасар сәбилер газдан уланып, көз жұмды.

Ал, 1978 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Осыған ұқсас оқиға Жамбыл облысында орын алды. Жеке тұрғын үйдегі пеште ақау пайда болып, өрт шыққан. Газдың иісінен уланған 60 жастағы кейуана мен 1952 жылы туған ер адам қаза тапты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА