Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елбасы туралы тағы бір жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Елбасы туралы тағы бір жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы туралы тағы бір жаңа кітаптың тұсауы кесілді. «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын Ғасыр» деп аталатын дүние депутат Бақытбек Смағұлдың талай жығы еңбегі екен. Үш мың данамен жарық көрген кітапқа қалталы азаматтар демеушілік көрсетіпті. Сиясы кеппеген туындының тұсаукесеріне автордың әріптестері, Мәжіліс пен Сенат депутаттары жиналды. Жаңа туынды жайында тұшымды ой айту үшін олар кітапты алдын ала оқып алыпты. Бұрын да он шақты кітап жазған автор туынды соңына өзінің Президентке арнаған 46 өлеңін жариялаған. «Шығармаға арқау болған оқиғалар талай жыл бойы қойын дәптеріме түйіп жүрген ойларымның жиыны»-дейді Бақытбек Смағұл.  

Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КІТАП АВТОРЫ: 

Сан түрлі оқиғаларда ғаламда болып жатқан оқиларда өзіндік бейнесі-аразды татуластыру , алысты жақындастыру сол бейнесін көрсете алдым деп ойлаймын.

Ерсұлтан БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

«Алтын ғасыр» болып аталауы шынында да тәуелсіздік жылдары еліміздің алтын ғасырға жеткендігі, ондағы Елбасының тәуелсіздіктің тұғырына жасаған еңбегінің шексіз екендігін тағы бір рет көрсететін шығарма болып шықты.

Г. Тасболатқызы