Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы қатарына қосылғандарға партиялық билет табысталды

AstanaTV
30.11.2018ж. 20:00
8136
«Нұр Отан» партиясы қатарына қосылғандарға партиялық билет табысталды

Тұңғыш Президент күні және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Қазақстан бойынша 2 000-нан астам азаматқа партиялық билет табысталды. Салтанатты шара Елордадан басталды.  

Партиялық билетті қос мереке қарсаңында алу-үлкен мәртебе. Бұл құрмет осында сапта тұрған білікті мамандарға бұйырды. Олар Астанада әр салада қызмет ететін азаматтар.  

Тамара ДҮЙСЕНОВА, «НҰР ОТАН»ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Бұл қолға партия билетін алып болды деген сөз емес. Осындағы қазір марапатталған әр адам Тұңғыш Президентіміздің қатарындағы сарбаз десек болады. Мұндағы адамдардың барлығы әр саладағы үздіктер, сондықтан да ары қарай еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосуға міндеттісіздер. Біздің партия да ол үшін барлық мүмкіндіктер жасайтын болады.

Партиялық билетті алған азаматтардың қатарында шағын кәсіпкерлер, педогогтар, жастар арасындағы көшбасшылар, медиа мамандар мен ақындар да бар. Олар бұл жауапкершіліктің маңызды зор екенін айтып, алдағы уақытта Президент бастамасын іске асыруда білек сыбана жұмыс істейтіндерін айтады.  

Ержан ӘМІРБЕКҰЛЫ, ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:  

Бұл партияға саналы түрде ,көптен бері ойланып, осы партияның мүшесі ретінде Елбасының армандаған тәуелсіз Қазақстанды жігерлі, қуатты мемлекеттің қатарына қосу үмітіне өзімнің үлесімді қосу үшін осы партияға мүшелікке өтуді қалап отырмын.

Серік ӘБДУӘЛИЕВ, «ҚАЗАҚ РАДИОСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РАДИОАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Бірліктің ұйытқысы болған бірегей партияның билеті біздерге артылған аманат. Ал, аманат жүгі ауыр екені бесенеден белгілі. Ендеше бүгін әріптестерімді бармағы басқа болса да білегі бір, арманы асқақ, тілегі бір әріптестеріме сәттілік тілей отырып, ел мұраты мен ұлт мақсаты жолында жұмылған жұдырықтай жұмыс істеп, абырой биігінен көріне берейік дегім келеді.

Айта кетейік, бүгін жылдағы дәстүр бойынша Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің барлық өңірінде 2 мыңнан астам қазақстандық партия қатарына қабылданды. 

У. Қабылтайұлы