Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Киев Мәскеумен дипломатиялық қатынасты үзуі мүмкін

AstanaTV
30.11.2018ж. 20:00
2521
Киев Мәскеумен дипломатиялық қатынасты үзуі мүмкін

Киев Мәскеумен арадағы дипломатиялық қатынасты үзуі қажет. Украинаның сыртқы істер министрі осындай ұсыныс білдірді. Жақында екі ел арасында 40-қа жуық келісімшарт үзілмек. Павел Климкин Ресейде 3,5 млн украиндықтың тұрып жатқанына қарамастан, байланысты бұзуға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, Ресеймен арада биометриялық визалық режим енгізбек. Керчь бұғазындағы қақтығыстан соң Мәскеумен келісімшартты қайта қарайтынын жеткізді.  

Павел КЛИМКИН, УКРАИНАНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бізге Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас қажет деп есептемеймін. Мен тіпті бірқатар мемлекетпен осы мәселеге қатысты келіссөздер жүргіздім. Бірақ, олар бұл жағдайды ескере отырып, қатынасты түбегейлі үзу мүмкін емес деп нақты айтты. Дегенмен, біз соңғы уақытта Мәскеумен 48 екіжақты келісімді бұздық.

А. Бектас