Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайы жаңа экспонаттармен толықты

Теміртаудағы Тұңғыш Президент мұражайы жаңа экспонаттармен толықты

Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы 17 жаңа экспонатпен толықты. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары мен кәдесыйларын мұражайға Президент істері басқармасы тапсырған. Көрмедегі ең ірі экспонат-«Мердедес Бенц» маркалы автокөлік. 2005 жылы арнайы тапсырыспен шетелде құрастырылған машина- Елбасы жұмыс сапарында мінген алғашқы темір тұлпарлардың бірі. Оқ өтпейтін автокөліктің салмағы 2 жарым тонна. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевтың спорттық киімдері мен теннис ракеткасы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров сыйға тартқан велосипед те көрермен назарына ұсынылды. Тарихи жәдігерлер арасында өзге ел басшыларының кәдесыйлар да бар. Мұражайға мемлекет басшысы қолданған қаламдар, көзілдірігі мен бірқатар жеке заттары әкелінген.  

Жанас ҚАМБАРОВ, СТУДЕНТ: 

Қуанамыз. Өйткені, мақтан тұтамыз Қазақстанда осындай экспонаттар бар екеніне. Жастарға көптеген стимул береді. Өйткені, Елбасымыздың жай жұмысшыдан бастап осыған дейін көтерілуі тағы да стимул береді.

А.Қуаш