Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ең көп миллиардерлер АҚШ-та тұрады

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
4092
Ең көп миллиардерлер АҚШ-та тұрады

«Global Wealth Report» ең бай адамдар тұратын 10 мемлекеттің рейтингін шығарды. «Credit Suisse» сарапшылары жаһандық байлық деңгейі бойынша АҚШ алғашқы, Қытай екінші орында,-дейді. Ал, әлемде қаражаты 50 миллион доллардан асқан адамдар саны 4 пайызға артқан. 50 мыңнан аса азамат табысы 100 миллион долларға жетті. 4 мың тұрғын қазынасында кем дегенде 500 миллион доллар бар. Экономикасы мығым Германия үшінші орынға жайғасты. Ұлыбритания төртінші орында. Өмір сүру деңгейі жоғары Жапония үздік бестікті түйіндейді. Бұл елде ең бай адамдар саны 3500-ден асады. Индия 6-шы, Индустриялы-аграрлы мемлекет Италия 7-ші орында. Ядролық-ғарыштық держава Франция рейтингте 8-ші тұр. 3000-нан аса миллиардер тұратын Канадаға 9-шы орын тиесілі. Ал, соңғы орынға Австралия тұрақтады. Елде 3000-ға жуық бай адам бар екен.  

А. Бектас