Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

12 ламантин босатылды

AstanaTV
29.03.2019ж. 20:00
6918
12 ламантин босатылды

Амазонка суына 12 ламантин жіберілді. Тарихтағы ең ірі акция жөнінде Рейтерс агенттігі хабарлайды.Бразилияның табиғат қорғаушылары сүтқоректілерді қимай босатқандарын айтады. Бұл жануар икемсіз көрінсе де, өте сүйкімді, дейді олар. Ламантинді теңіз сиыры деп те атайды. Адамдардың кесірінен олардың саны соңғы жылдары азайып қалған. Өткен ғасырда Оңтүстік америка халқы бұл жануардың еті мен майына қызығып, біразын атып тастапты. Ламантиндер- балықшылар ауынан да біраз жәбір көрді. Олар полиэтилен жібін жұтып, артынша уланып өледі екен. Теңіз сиыры тек жоғары жиілікті дыбысты естігендіктен, көп жағдайда қайыққа түсіп қалады. Саны кеміген бұл сүторектілер қызыл кітапқа енгізілген. 

  А. Құрманкин