Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Бүгіннен бастап республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат қабылдана бастады

Бүгіннен бастап республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат қабылдана бастады

Бүгіннен бастап республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат қабылдана бастады. Оны көпбалалы және аз қамтылған отбасылар ала алады. Тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту орталығына жеке куәлік өткізіп, өтініш беру қажет. Ауылда тұратын отбасы кент, ауылдық округтердің әкімдіктеріне жүгіне алады. Құжаттарды қабылдау осы айдын сонына дейін жалғасады. Ал алғашқы төлем сәуір айының сонында беріледі. Нұрсұлтан Біләл жалғастырады.

Гүлдар Пошанова 2009 жылы Шымкенттен Елордаға қоныс аударған. Қазір 4 баланың анасы, сүт кенжесі 1 жасқа да толмаған. Күйеуі денсаулығына байланысты соңғы жарты жыл жұмыссыз отырған. Жақында жұмыспен қамту орталығы отағасын жұмысқа тартқан. Қазір көпбалалы отбасының айлық кірісі 100 мың теңгені құрайды.

Гүлдар ПОШАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Күйеуімді жұмысқа кіргізді соның ақшасы жетпеді сосын мына кісілерге бардық. Адресный справка алдық. ГЦВПдан соңғы квартыл алды мына балаға қанша бөлінетінің. Договор берді жұмыстан. Өйткені жалақысы 6 адамға жетпейді. Сосын біз осы АСПға іліндік.

Біраздан бері халық арасында қызу талқыға түскен - 21 мың теңге тек көп балалы отбасыға ғана жағдайы төмен, тіпті бір баласы бар жанұяларға да тиеслі.

Дана ТҰРҒЫНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әрбәр отбасыға бөлінгендегі 20789 теңгеден аспаса. Біз оның өтінеішін қабылдаймызда және де біздің комиссия мүшелері ол азаматтың үйіне барып материалдық жағдайына тексеріс жүргізеді. Егер, шынымен де отбасы АӘК алуға мұхтаж болса, біз ол кісіге справка қолына құжат береміз.

Ал, Шымкентте атаулы әлеуметтік көмектен үмітті аналар құжатын бүгін тапсырмаса ақшадан қағылатындай. Жұрт жаппай жұмыспен қамту орталығына ағылған. Шаһарда сегіз жерде құжат қабылдау орыны ұйымдастырылған. Әйтсе де кезекте иық тірескен халықтың бәрібір көңілі толып тұрған жоқ.

Балжан АСАНБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерде очеред міне живой очеред. Басы қайда, аяғы қайда білмейсің. Екі сағат болды тұрамыз. Ал осыны талонмен, кезекпен, бір окошка емес, төрт-бес окошка істеп қойса болады ғой.

Алайда, жұмыспен қамту орталығы өкілдері тірі кезекті халықтың өз сұранысы бойынша ұйымдастырғандарын алға тартты. Айта кетейік, былтыр атаулы әлеуметтік көмекті қалада он мыңға жуық отбасы алған. Орталық басшылығының дерегінше биылғы өзгеріске байланысты олардың қатары екі есеге артады деп жоспарлап отыр, яғни, жиырма мыңдай аз қамтылған отбасы әкімдіктің дерегімен базаға енгізілген.

Шағдат ӘСЕТ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі жағдайда осыны жүйелеу үшін жұмыспен қамту орталығында арнайы атаулы әлеуметтік көмекпен айналысатын мамандарға қоса басқа бөлімдерден мамандарды солжақа жүктедік. Қазіргі таңда 60-70 ке жуық адамдар құжат қабылдау, түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Барлық нүктелерімізде бөлімдерде 10-15 маманнан қазіргі сол жақа жолданған болатын.

Жуырда отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі де өзгерді. Онда көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бойынша жәрдемақылар отбасының жиынтық табысына кірмейді. Содан Аааулы әлеуметтік көмек алатындар саны артқан.

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

832 мың азамат қарастырылып отыр жоспармен, негізі кіреді деп осы бағдарламаға деп. және де осы 2019 жылдың бірінші сәуірінен желтоқсан айына дейін 94 млрд теңге қарастырылып отыр бюджеттен.

Жаңа тәртіпке байланысты енді әлеуметтік көмекке мұхтаж азаматтар тиісті органдарға жеке куәлік пен өтініш қана өткізеді. Заңға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек кәмелеттік жасқа дейін төленеді. Бала колледж, немесе ЖОО білім алып жатса, жәрдемақы 23 жасқа дейін төлене береді. Ескеретін жайт Нұр Сұлтан, Алматы мен Маңғыстау облысында жәрдемақының мөлшері сәл көбірек. Өйткені, бұл қалаларда халықтың күнкөріс деңгейі жоғары.

Н. Біләл